82 елдiң 379 спорт журналисi қоян жылының үздiк 10 спортшысын анықтады

None
АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - 82 елдiң 379 спорт журналисi қоян жылының үздiк 10 спортшысын анықтады.

«Аламан» ұлттық спорт порталының мәліметіне қарағанда, спорттық басылымдардың халықаралық қауымдастығы (AIPS) жүргiзген сауалнама қорытындысында жылдың үздiк спортшысы болып серб тенисшiсi Новак Джокович танылды. Новактың бұл жетiстiкке жетуiне былтыр үш бiрдей "Үлкен дулыға" турнирiнде топ жаруы сеп болды. Ол 812 дауыс жинады. Екiншi сатыда Лионель Месси тұр. Каталондық "Барселона" мен Аргентина ұлттық құрамасының басты "көзiрiнен" кейiнгi үшiншi орынды ямайкалық желаяқ Усэйн Болт еншiледi. Болт былтыр әлем чемпионатында 100 метрге жүйткуде чемпион атанып қана қоймай, әлем рекордын да жаңартқан болатын.

Әйелдер арасында норвегиялық шаңғышы Марит Бьерген ең көп ұпай жинап, үздiк атанды. Шаңғы жарысынан былтыр өткен әлем чемпионатында 4 алтын, 1 күмiс олжалаған Мартиннiң еңбегi жанды. Бьергеннен кейiн алыс қашықтыққа жүгiрушi кениялық Вивиан Черуйот екiншi сатыға жайғасты.

Сауалнамаға қатысушылар жылдың үздiк клубтарын да анықтады. Былтыр Чемпиондар лигасында, Испания чемпионатында, клубтар арасындағы әлем чемпионатында топ жарған "Барселона" үздiк клуб атанды.