82 жастағы қария Килиманджаро шыңын бағындырды

АСТАНА. Тамыздың 4-і. ҚазАқпарат - 82 жастағы британдық қария Африканың ең биік шыңы - Килиманджаро тауын бағындырды,

деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Бұл жетістік жақында Гиннестің Рекордтар кітабына ресми енгізілетін болады, себебі мистер Солт осынау шыңға көтерілген ең қарт адам атанып отыр.

Британдық қария шыңға көтерілуге бірнеше ай бойы дайындалған. Ол кір тастарын көтеріп көп шыныққан, велосипед айдаған, көп жаяу жүрген.

Мистер Солт осынау жорыққа 52 жастағы ұлы мен келінін және үш немересін ертіп шыққан. Немеренің ең кішкентайы - 12 жаста.