Тексерістердің нәтижесі бойынша монополияға қарсы заң бұзушылықтарды жоюға байланысты 14нұсқама жасалды. Сондай-ақ 83 субъектіге қатысты әкімшілік-құқық бұзушылықтар жөнінде 71 іс қозғалды. Сонымен қатар бір істің материалдары құқық қорғау органдарына тапсырылды.
18:21, 22 Қазан 2010
83 субъектіге қатысты әкімшілік-құқық бұзушылық жөнінде 71 іс қозғалды
АСТАНА. Қазанның 22-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Биылғы жылы монополияға қарсы заңнама талаптарының сақталмауына байланысты 121 тексеру шаралары белгіленді. Оның ішінде, 99-ы бойынша тексеру жұмыстары аяқталды. Бұл туралы бүгін Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттіктің таратылған мәліметтерінде айтылды.