83 жастағы қытайлық кейуана 107 кило тартатын қабанды пышақпен жайратып салды

АСТАНА. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Қытайда адамдарға шабуыл жасаған тағы аң 83 жастағы кейуананың құрбаны болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.

Күші тең емес арпалыс өткен жексенбіде Чунцин мегаполисінің шетінде болды. 107 кило тартатын  жабайы қабан кейуана Ху Чэнчжэнь қаннен-қаперсіз бақшасында арам шөптерді  отап жатқанында бұтаның арасынан атып шығып, оған тап берген.

Шөп отайтын пышақпен қаруланған кемпір қас-қағым сәтте-ақ түз тағысын жайратып салған. Чэнчжэннің қатты қорыққаны және қабанның тұяғы сәл ғана тырнап кеткені болмаса, кемпір дін аман.