Жапа шегуші полиция қызметкерлеріне үйде жалғыз тұратынын айтқан. Күйеуі қайтыс болған. Ал балалары болса Мумбайда жұмыс істейді екен.
Ұрылар үйге кірген кезде кемпір оянып кетіпті. Олардың қара ниетті адамдар екенін сезісімен, біреуін шелекпен бір қойып, екіншісін таяқтың астына алған. Осы кезде көршілері айғай шуды естіп, дереу полиция шақыртқан. Сақшылар оқиға орнына бірнеше минут ішінде жеткен. Осылайша екі ұры 85-тегі кемпірден таяқ жеп, қолға түскен.
Полиция бөлімшесінде әжейге ұрыларды ұстау барысында көрсеткен батылдығы үшін 5000 рупий сыйақы беріпті. Ол шамамен 80 доллар болады екен.