ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облысының Мақтаарал ауданының 85 жастағы тұрғыны Жандарбек Жүсіпов алғашқылардың бірі болып референдумда дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін өтіп жатқан бүкілхалықтық референдумға Мақтаарал ауданының тұрғындары белсене қатысып жатыр. Әсіресе, ауылдың қариялары, ардагерлер үлкен белсенділік танытуда.
Бірлік ауылдық округіне қарасты Еркінабад ауылының тұрғыны, 85 жастағы қария Жандарбек Жүсіпов бүгінгі тарихи оқиғаның мән-мағынасы, маңызы зор екенін атап өтті. Кеңесіп пішкен тон келте болмас демекші, Конституцияға енгізілетін өзгерістерді халықтың дауыс беруі арқылы шешу - мемлекетіміздің жаңашылдыққа, демократияға деген ұмтылысын көрсететінін айтты.
Ауыл ақсақалы өзінің таңдауын жасап, батасын берді.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.