Ол өзінің бұл жетістігі жайында: «Алла Тағала адамдарды бекерге жаратпаған. Адамдардың жаратылудағы мақсаты да олардың ілім жинап, белгілі бір биіктерді бағындыру деп білемін. Әзірге аяқ-қолым аман-сау тұрғанда, мен өзімнің ғылыми ізденістерімді жалғастыра беремін», - дейді.
Мунира өзінің бұл жетістігі үшін Тунис президенті Беджи Каид Эс-Себсидің қолынан марапат та алған. Қырық жыл бойы француз әдебиетінен ұстаздық еткен ол зейнеткерлікке шыққанда не істерін білмей қалғанын айтады. Алғашқыда жеке меншік мектептерде қосымша сабақ бергенімен, кейіннен ол ғылым жолындағы жетістіктерін әрі қарай дамытуды қолға алады.