86 жастағы АҚШ тұрғынының 86 шөбересі бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - 86 жастағы АҚШ тұрғынының 86 шөбересі бар.

People басылымының хабарлауынша, АҚШ тұрғыны Мари Фрейдің 15 баласы бар екенін атап өтті. Олардан 68 туған және алты асырап алған немересі бар. Енді кейуананың 86 туған және 9 асырап алған шөбересі бар. 

Айта кету керек, биыл Мари Фрей мен оның күйеуінің тағы екі шөбересі дүниеге келеді.  

Зейнеткер балаларының қарым-қатынасы жақсы екенін айтты.