Алдын ала болжам бойынша, қария көршінің қошқары салған жарақаттардан көз жұмды.
Мерт болған ер адамның денесі өткен аптада Архангельское ауылындағы жекеменшік тұрғын үйдің ауласынан табылды. 86 жастағы қарттың денесінен көптеген жарақаттар анықталды. Өлкенің тергеу комитетінің хабарламасы бойынша, зейнеткер көршісінің қошқары салған жарақаттардан қаза тапқан.