Камилла мен Майк 70-жылдарда танысқан. Ол кезде Камила медбике, оның болашақ жұбайы балалар дәрігер болып жұмыс істеген. Сол уақытта Камиланың үш асыранды баласы болған. Ол өзінің мүгедек балаларды құтқарып қалу арманы екендігін айтқан кезде, оған Майк бірден қолдау білдірген.
Қазіргі кезде жұптың асырап алған балаларының үлкені 32-і жаста. Кішісі 8-де. Осы уақыт ішінде олар дерті ауыр 32 баласынан айырылды. Қайырымды отбасы бас сүйегінің бір бөлігі жоқ балаға да айтарлықтай күтім жасай білді.
Жақсылық жасаудан ләззат алатын отбасының үйін 1992 жылы "Эндрю" дауылы қиратып кетті. 2015 жылы үйлеріне жай түсіп, барлық мүлкі жанып кетті. Қиыншылық мұнымен бітпеді, бүгінді Камилла мүгедек балалармен жалғыз өзі қалып отыр, оның жұбайы Майк өткен жылы обыр дертінен көз жұмды.
Алайда қайсар Камилла бұл қиындыққа мойынсұнып отырған жоқ. Бір жақсылықтың боларына үміттенеді. Қазіргі кезде олар Possible Dream қорының қаражатына күн көруде.