Астанада Ислам ынтымақтастық ұйымының Ғылым және технология бойынша алғашқы саммитін өткізу кезеңінде құқықтық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы қыркүйектің 9-нан 11 аралығында мына көлік магистральдарында: Қабанбай батыр даңғылы, Мәңгілік Ел, Қонаева, Достық көшелері, Тұран, Сарыарқа, Абай даңғылдары, Кенесары көшесі, Тәуелсіздік даңғылы, Ұлы Дала көшесінде қозғалыс жартылай шектеледі.
Жолдағы кептеліс жағдайларына тап болмас үшін, елорда тұрғындары мен қонақтарын алдын ала өзіндік маршрутты жоспарлауды сұраймыз.