«Біз жастарға арналған «9-20-25» бағдарламасын әзірледік. Оны 1 наурыздан бастап «Отбасы банкі» арқылы іске қосамыз», - деді Әлихан Смайылов жергілікті «Новая газета» басылымында жарияланған видеода.
Оның айтуынша, бағдарламаға биыл 150 млрд теңге бөлінеді.
«Осылайша, 8 мыңға жуық адам «9-20-25» ипотекасын рәсімдей алады», - деп түсіндірді Смайылов.
Ипотека шарттары келесідей болатыны бұрын жарияланған болатын:
— сыйақы мөлшерлемесі — жылдық 9%;
— бастапқы жарна — 20%;
— несие мерзімі — 25 жыл.
Бағдарламаға қатысушылардың өтінім берген кезде бес жыл бойы жеке баспанасы болмауы тиіс.