9 адам Ирандағы су тасқынының құрбанына айналды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иранның солтүстік шығысындағы су тасқыны салдарынан кем дегенде тоғыз адам қаза тапты. Тағы төртеуі із-түссіз жоғалғандар қатарында, деп хабарлайды ИРНА агенттігі.

Журналистердің мәліметінше, апатты жағдайға өңірде 11 тамыз күні жауған нөсер жауын себеп болған. Жоғалғандар қатарында жергілікті тұрғындармен бірге туристер де бар.

Күтпеген апат сондай-ақ, 100-ден астам автокөлік шығынына әкелді.