10.00-де ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысы басталады.
11.00-де Астана қаласының коммуникациялар қызметінде «Инвестициялық тартымдылық: 2023 жылға арналған жоспарлар» туралы баспасөз конференциясы өтеді.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Еліміздегі қант зауыттарының мәселелері туралы» сараптамалық дөңгелек үстел өтеді. Спикерлер: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, ҚР Энергетика министрлігінің, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің ҚР Сауда және интеграция министрлігінің өкілдері; «Атамекен» ҚР ҰҚП-ның, «Азық-түлік корпорациясы» ҰК», «Байтерек ҰБХ» АҚ-ның, «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ-ның өкілдері; Қант өндіретін кәсіпорындардың өкілдері және т.б.. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
15.00 ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі жаңашылдықтар туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Қаржы вице-министрі Кеңбейіл Дәурен Маратұлы; ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаментінің директоры Әділханов Мұрат Бұхарбайұлы; ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ахметов Ренад Қалидұлұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Шәмші» мюзиклі қойылады.
19.00-де Номад Сити театрында Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Күнделік» лирикалық кеші өтеді.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Махаббат бар ма?» лирикалық комедиясы көрсетіледі.
19.00-де QAZAQSTAN орталық концерт залында «Комедия №13» спектаклі қойылады.