НҰР-СҰЛТАН
9.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде салықтық және кедендік әкімшілендіру мәселелері, жаңартылатын энергия көздерін дамыту мәселелері. Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.
11.00-де «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Қазақстан энергетикасындағы перспективалық жобалары және компанияның 2020 жылғы жұмысының өндірістік және қаржылық қорытындылары туралы онлайн брифинг өтеді.
15.00-де Нұр-Сұлтан қаласы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай елордадағы «Жас сарбаздықтарының» қатысуымен «Мұқағали Мақатаевқа арнау» атты 90 жылдық мерейтой өтеді.