9 айда 12,4 млн шаршы метр баспана қолдануға берілген

АСТАНА. KAZINFORM – Шымкент қаласы жыл басынан бері қолданысқа берілген баспана көлемі бойынша көш бастап тұр. Бұл утралы Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Үкімет отырысында мәлім етті.

Фото: gov.kz

«Құрылыс жұмыстарының төмендеуі Атырау және Маңғыстау облыстарында байқалады. Қаңтар-қыркүйекте 12,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 6,2% артық. Ең жоғары көрсеткіштер Шымкент қаласында, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстарында байқалады», - деді Нұрлан Байбазаров.

Министрдің айтуына қарағанда елдің ауыл шаруашылығы өсудің белсенді кезеңіне өтіп отыр.

«Дәнді дақылдарды жинаудағы үдемелі қарқынның арқасында сала өндірісінің көлемі 11,4% ұлғайды. Оның ішінде өсімдік шаруашылығының өсуі 17,8% болды. Ең жоғары өсуді Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстары көрсетті», - деді вице-премьер.

Осыған дейін 4 облыста инвестиция тарту көрсеткіші төмендеп кеткені жазылды.