«Туристік саладағы бірлескен күш-жігер қуатты экономикалық серпін бере алады. Ресейлік туристер үшін Қазақстанда тілдік және ділдік кедергілер жоқ. Бізді ортақ мәдениет пен тарих біріктіреді. Осы жылдың 9 айында ғана елдеріміз арасындағы өзара туристтер легі 5 млн адамнан асты», - деді Президент.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі бірлескен күш-жігер Қазақстан мен Ресейге қазіргі заманғы сын-тегеуріндерге бейімделуге мүмкіндік береді және екі ел экономикаларының тұрақты өсуіне берік негіз жасайды.
«Біздің көп қырлы өзара іс-әрекеттеріміздің жоғары деңгейін сақтау қажет. Қазақстандық және ресейлік бизнеске қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін трансшекаралық рәсімдерді оңайлату, сауда-логистикалық кедергілерді жою жөніндегі жұмысты жалғастыру маңызды. Форум аясында қол қойылған келісімдердің қомақты топтамасы, сондай-ақ айтылған нақты бастамалар өңіраралық кооперацияның елеулі әлеуетін ашып қана қоймай, елдеріміздің экономикасының дамуына қуатты серпін беретініне сенімдімін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.