«Биыл 9 айда өнеркәсіптік өндірістің көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,7 пайызға өсіп, 6,5 трлн теңгені құрады. Мемлекеттік бағдарламалардың негізгі индикаторлары бойынша да оң динамика бар. Биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша өңдеуші өнеркәсіптің экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырған 23,1 пайызға өсіп, 9,9 млрд АҚШ долларын құрады», - деді ол.
Оның айтуынша, биыл 9 айда өңдеуші өнеркәсіптің негізгі капиталына салынған нвестициялардың көлемі 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5 пайызға артып, 599 млрд теңге болды.
«2017 жылғы 1-тоқсан нәтижелері бойынша кәсіпорындардағы еңбек өнімділігі 16,1 пайызға өсті және 7,6 мың АҚШ долларын құрады. Әдістемеге сәйкес, көрсеткіш жыл бойы тек жеке ірі кәсіпорындар бойынша есептеледі. 2017 жылдың 1 тоқсандағы нәтижелерінің көрсеткіші ірі және орта кәсіпорындар бойынша 5,3 пайызды құрады. Барлық кәсіпорындар бойынша нақты қорытынды жылдың соңында айқындалатын болады. Қазіргі даму тенденциясын ескерсек, жыл қорытындысы бойынша көрсеткіш 41-42 мың АҚШ долларынан төмен болмауы тиіс. Мысалы 2016 жылы бұл көрсеткіш 38,9 мың АҚШ доллары болды», - деді Жеңіс Қасымбек.