Бұл ақпаратты еліміздің Статистика агенттігі таратып отыр.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, 2010 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шикі мұнай, табиғи газ, көмір мен лигнит және темір кенін өндіру артқан. Сондай-ақ тамақ және мұнайды қайта өңдеу өнімдерінің, құрылыс материалдарының, тоқыма бұйымдарының, металлургия, химия өнеркәсібі және машина жасау өнімдерінің өндірісі жоғарылаған. Өндірістің өсуі республиканың 14 өңірінде байқалды. Ал оның төмендеуі Батыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді.