9 айдың ішінде Астанада 27 814 сырқат анықталды

АСТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат -  Астанада денсаулық сақтау қызметкерлері ең көп таралған және қауіпті аурулардың алдын алу үшін тұрғындарды тұрақты түрде тексеруден өткізуде.

Елорданың ресми сайтының мәліметінше, мұндай аурулардың қатарына сүт безі ісігі, жатыр мойны мен тік шек ісігі, глаукома, қан айналымының бұзылуы, балаларда кездесетін «В» және «С» гипатиті, сондай-ақ жаңа туған сәбилердегі туа біткен, тұқым қуалайтын есту кемістігі дерті жатады.

Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметтері бойынша, 2012 жылдың өткен 9 айында 333 мыңнан астам адам тексеруден өткізілді. Барлық анықталған патология - 27 814, бұл жалпы тексеруден өткізілгендердің 8,3 пайызын құрайды. Қадағалап, емдеу үшін диспансерлік есепке 16 388 науқас алынды. Олардың - 85 пайызы сауығып шықты.