9 айдың ішінде Әзербайжанда 43 мыңнан астам адам өмірден озған
02:41, 19 Қараша 2018
БАКУ. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың тоғыз айы ішінде Әзербайжанда 43 мың 640 адам өлімі тіркелген, деп хабарлайды Trend.
1000 тұрғынға есептегенде адам өлімі деңгейі 5,9-ды құрап отыр. Ал осы кезеңде дүниеге келген сәбилер саны 103 мың 371-ге жеткен.
Айта кетсек, Әзербайжан халқының саны 2018 жылдың бірінші қазанында 9 миллион 959 мың адамды құрады.