Герди Маккен есімді әйелге бірнеше ай бұрын сүт безінде қатерлі ісік бар деген диагноз қойған. Құрбыларының бірі танымал оңтүстікафрикалық фотограф Альберт Бреденханға хабарласып, қиналып жүрген Гердидің жанына жылу берер ерекше сыйлық жасағылары келетінін айтып, фотосессия жасауын өтінген. Нәзік жандылардың батылдығына тәнті болған суретші бірден келісімін беріп, 9 әйелдің шашын тақырлап қырып жатқан сәтін түсіріп алған.
Осылайша «тақырбас» әйелдер Гердиге тосынсый жасап, кеш барысында өздерінің жаңа шаш үлгілерін көрсеткен. Ал қиылған шашты олар Оңтүстік Африканың қатерлі ісік ассоциациясына тапсырған екен, деп жазады day.az.