9 боксшымыз жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының жүлдесінен үмітті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Санкт - Петербургтегі Сибур аренасында жастар арасында бокстан әлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық бокс федерациясының хабарламасында атылғанындай, биылғы жылы әлем чемпионы атағы үшін әлемнің 62 елінен 351 жас боксшы бақ сынауда.

Қазақстан бұл жолы Ресей, Қытай, Өзбекстанмен бірге барлық салмақ дәрежелері бойынша 10 спортшыдан тұратын командасын шығарды.

Жарыстың үшінші күнінде қазақстандық Евгений Павлов (49 келі) аса тарысты өткен жекпе-жекте кубалық Жоржи Гринануға 0:5 есебімен жол берді. Айдос Арапов болса (52 келі) Николай Матвеевтен 4:1 есебімен басым түсті. Саматәлі Толтаев (56 келі) ирландиялық боксшы Джеймс Куланды 4:1 есебімен жеңді.

20 қараша күні Санатәлі Толтаев (60 келі) пен өзбекстандық Билобек Мирзарахимовтың және Бек Нұрмағамбетов (75 келі) пен австралиялық Джек Гиппеннің кездесулері өтеді. Осылайша, әзірге сайыстан тек бір ғана қазақстандық тыс қалып отыр. Қалған 9-ы сайысты жалғастыруда. Жартылай финалдық кездесулер 25-інші, ал, финалдық бәсеке 26-ыншы қарашада өтеді.