9.30-да Park Inn қонақ үйінде АИТВ сырқаты бар адамдарға қатысты заңнамалық өзгерістер мен құқық қолдану практикасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтеді.
10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.
10.00-де «Пекин Палас Soluxe Hotel Astana» қонақ үйінде Қазақстан мен ҚХР арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына арналған «Қазақстан-Қытай: тату көршілік және өзара тиімді ынтымақтастықтың үш онжылдығы» атты мерейтойлық кітаптың тұсаукесері өтеді.
15.00-де Сарыарқа даңғылы 8а мекенжайында Практикадағы экологтар қауымдастығы дөңгелек үстел өткізеді, онда топырақ құнарлылығының жоғалуына, жайылым жерлерінің деградациясына байланысты өзекті мәселелер талқыланады.
16.00-де Қалалық мәслихатта «Астана қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атаулар беру және олардың атын өзгерту туралы» қоғамдық тыңдау өтеді.
19.00-де Kinopark 8 IMAX Saryarka кинотеатрында MARVEL студиясының «Қара қабылан: Ваканда жасасын!» фантастикалық блокбастер фильмнің премьерасы өтеді.
19.00-де Жастар театрында «Айман-Шолпан» комедиясы қойылады.
Фото: home-of-energy.com