9 қараша күні астанада өтетін маңызды шаралар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 9 қараша күні елордада өтетін маңызды шараларға шолу ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

11.00-де онлайн көрсетілім форматында брифинг өтеді. Брифинг тақырыбы: Есірткі қылмысына қарсы қабылданып жатқан шаралар.

Спикер: Тілеген Советұлы Маткенов, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы.

11.00-де Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінде судьяларды конркурстық іріктеу кеңесінің тоғызыншы отырысының қорытындысы туралы брифинг өтеді.

Спикерлер бос судья лауазымдарына жарияланған конкурстың қорытындысы туралы ақпарат береді.

20.00-де Еуропа Одағының Қазақстандағы өкілдігі бесінші Еуропа онлайн кинофестивалін ашады.