9 қараша күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 9 қараша күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

АСТАНА

9.00-де Hilton Astana қонақ үйінде ҚР Инвестициялар және даму министрлігі БҰҰ Даму Бағдарламасымен бірлесіп, Энергия үнемдеу жөніндегі алғашқы халықаралық форумды өткізеді.

10.00-де Сенатта 2017 жылы 22 қыркүйекте «Орта білім беру жүйесін заңнамалық реттеу мәселелері және келешегі» тақырыбында өткен парламенттік тыңдаулардың ұсыныстарын жүзеге асыру туралы Үкімет сағаты өтеді.

11.00-де Қазақ ұлттық өнер университетінің Ж.Жабаев залында ХХІ «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің лауреаттары мен дипломанттарын марапаттау рәсімі өтеді.

12.00-де Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтеді.

15.00-де Көктал кентіндегі 45 үйде инновациялық тіреулер өндіретін«Maxvidl» ЖШС зауыты іске қосылады.

16.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтеді.

17.00-де Астанадан 15 шақырым қашықтықта орналасқан Жібек жолы ауылындағы Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектепте Серік Сәпиевтің ашық сабағы өтеді.

19.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында XXI «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің жабылуы өтеді.

20.00-де «Керуен» сауда-ойын-сауық орталығында поляк композиторы және пианисі Кшыштоф Кичьор концерт қояды.

АЛМАТЫ

9.00-де «Rixos Almaty» қонақ үйінде Мемлекет басшысының заманауи агротехнологияларды тарту бойынша Жолдауын іске асыру шеңберінде «Білімге негізделген ауыл шаруашылығын құру» республикалық форумы өтеді.

9.00-де Ritz-Carlton қонақ үйінде VI қазақстандық HR-форум өтеді. Форум аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова сөз сөйлейді.

10.00-де AlmaU университетінде «Азаматтық қоғамды дамытудағы университеттер рөлі» тақырыбында халықаралық конференция өтеді.

11.00-де ҚР Ұлттық гвардиясының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында ҰГ Спорттық командасының мүшесі, Олимпиада жүлдегері Денис Тенді еске алуға арналған кеш өтеді.

11.30-да Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы Гүлнар Көкебаева баспасөз мәслихатын өткізеді.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

11.00-де Жаңақорған ауданы Төменарық ауылы тұсында Қожамберді батыр ескерткішінің ашылуы өтеді. Қожамберді батыр XVI ғасырда өмір сүрген. Ақназар ханның қол астында қызмет еткен.