ЕСІМДЕР
Ақтөбе қаласында туған. 1980 жылы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін, 1994 жылы М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны тәмамдаған.
Қызметін мотоатқыштар полкі мотоатқыштар взводының командирі болып бастаған. 1983 жылдан - мотоатқыштар ротасының командирі. 1987-1991 жылдары - мотоатқыштар батальоны штабының бастығы - командирдің орынбасары, командирі. 1994 жылдан - ҚР Республикалық гвардиясының батальон командирі, бригада командирінің орынбасары, полк командирі. 1998 жылдан - мотоатқыштар дивизиясы командирінің орынбасары, командирі. 2000 жылдан - ҚР ҚМ Тәрбиелік және әлеуметтік-құқық жұмыс департаментінің бастығы. 2003 жылдан - Аэромобиль әскерлерінің қолбасшысы. 2009 жылдан ҚМ Штаб бастықтары комитеті төрағасының орынбасары 2010 жылдан бастап - Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы. 2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы күштері бас штабының басшысы болған.
III дәрежелі «Отанға қызметі үшін», II дәрежелі «Айбын» ордендерімен, медальдармен марапатталған. Генерал-майор.
Ақмола облысында туған. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын БЛКЖО ОК жанындағы Жоғары комсомол мектебін бітірген.
Еңбек жолы: 1982-1983 жылдары - Целиноград зауытының аға экономисі. 1983-1985 жылдары - Целиноград ауыл шаруашылығы институтында оқытушы, комсомол комитетінің хатшысы. 1985-1991 жылдары - Совет аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан ЛКЖО Целиноград облыстық комитетінің екінші хатшысы. 1991-1995 жылдары - Қазақстан ЛКЖО ОК хатшысы, Қазақстан Жастар одағы ОК хатшысы. 1995-1996 жылдары - «Айсар» ЖШС бас директорының орынбасары. 1996-1999 жылдары - Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің консультанты. 1999-2002 жылдары - ҚР Президенті жанындағы Отбасы ісі бойынша Ұлттық комиссия хатшылығының меңгерушісі. 2002-2003 жылдары - ҚР Президенті Кеңсесінің мемлекеттік инспекторы. 2004 жылғы сәуір-қараша айларында - ҚР Мемлекеттік хатшысының бас инспекторы. 2004-2006 жылдары - Астана қаласы әкімінің орынбасары. ҚР Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік сала секторының меңгерушісі. 2008-2011 жылдары - Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі. 2011-2016 жылдары - Астана қаласы Есіл ауданының әкімі. 2017-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы.
Қазіргі қызметінде 2021 жылғы қыркүйектен бері.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған.