АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - Ауа райы Астанада 7-8 қарашада жауын-шашынсыз, аязды болады. Ауа температурасы осы күндерде күндіз 4-тен 10 градусқа дейін салқындап, түнде - 9-дан 13 градусқа дейін төмендейді.
Солтүстік батыстан 5-10 м/с жел соғады, деп хабарлайды елорданың ресми сайты «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
«9 қарашада ауа температурасы біртіндеп жылынады: күндіз 0 - 2 градус аяз болса, түнде 5-7 градусқа дейін төмендейді. Аздаған қар жаууы мүмкін», - деп хабарлайды синоптиктер.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.