9 қарашада елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 9 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де Елорда әкімдігінде әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның кезекті отырысы өтеді.

11.00-де Есіл аудандық полиция басқармасында «Отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы құқық бұзу фактілерінің алдын алу, ПИК, МИБ төрағаларымен және тұрғын үй кешендеріне қызмет көрсететін компаниялармен қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі өзара іс-қимыл» тақырыбында брифинг өтеді.

Спикер: Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Марат Абиров.

19.00-де Жастар театрында Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театры «Хан кегі» пэтикалық драмасын қояды.

19.00-де «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында Serata d`autunno («Күзгі кеш») вокалдық-аспаптық музыка кеші өтеді.

19.00-де «Астана» концерт залында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясы «Көнеден жеткен сырлы әуен» концертін өткізеді.