9 кәсіпорын дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру бағдарламасы бойынша іріктелді

АСТАНА. 1 мамыр. ҚазАқпарат - Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) аясында 9 кәсіпорын мақұлданды,

деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен Pm.kz сайтына.

«Бүгінгі таңда 41 кәсіпорын бағдарламаның екінші кезеңіне өтті, оның ішінде 9 кәсіпорын бағдарлама қатысушысы болып іріктелді», - делінген хабарламада.

Атап айтқанда, «Көтерме сауда клубы» ЖШС, «MEGA Center Astana» ЖШС,  «MEGA Center Alma-Ata» ЖШС, «MEGA Center Shymkent» АҚ, «MEGA Center Aktobe» ЖШС, «Raimbek Bottlers» ЖШС, «Raimbek Agro» ЖШС, «Good Food company» ЖШС, «Масло-дел» ЖШС мақұлдауға ие болды.

Бұл ұйымдар Қазақстанның барлық өңірін дерлік және экономиканың көптеген салаларын қамтиды. Олардың несиелерін субсидияландыру үшін субсидияландыру операторына 1 600,6 млн. теңге сомасында қаржы бөлінді.

Қалған 32 кәсіпорынға қатысты материалдар сауықтыру Кеңесінің жұмыс органында сауықтыру жоспарларын несие берушілер комитеті бекіткен соң Сауықтыру кеңесінің қаруына шығарылады.

Бағдарлама еліміздің бәсекеге қабілетті кәсіпорындарын шығынға ұшыратқан дағдарыс салдарларын жоюға негізделген. Бағдарламаны іске асыру барысында өндірістердің қаржылай қолдауымен қатар жұмыс орындарын барынша сақтаудың әлеуметтік мәселелері басымдыққа ие болып отыр.