9 кәсіпорын «Өнімділік-2020» бағдарламасына қатысушы атанды

АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Өнімділік-2020» бағдарламасын кең ауқымда жүзеге асыру үшін қажетті барлық жұмыстар жүргізілді, деп хабарлайды Pm.kz. сайты үшін Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі.

«Ағымдағы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 9 кәсіпорын, атап айтқанда, «ЭнергияӘлемі» ЖШС, «Мұнаймаш» АҚ, «Оңтүстік-құрылыс-сервис» ЖШС, «Алматы желдеткіш зауыты» ЖШС, «Азия Авто» АҚ, «ШиеліТасОңтүстік» ЖШС, «Жакко Қарағанды» ЖШС мен «Politerm» ЖШС бағдарламаға қатысушы атанды», - делінген хабарламада.