09.00-де «Үкімет үйінде» Үкіметтің кезекті отырысы басталады.
10.00-де «Rixos» қонақ үйінде лемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съезі хатшылығының XVII отырысы өтеді.
11.00-де Ақордада Сербия Республикасының президенті А. Вучичтің Қазақстанға ресми сапары басталады.
11.00-де «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында партия Төрағасының Бірінші орынбасары М.С.Әшімбаев Қазақстан Жазушылар одағының өкілдерімен кездесу өткізеді.
15.00-де ҚР Ұлттық музейі мен ҚР Ұлттық сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар орталығы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдауын талқылайды.
15.00-де EXPO Astana аумағында "Techstars Startup Week Qazaqstan" ашылу рәсімі өтеді.
15.00-де Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюросы брифинг өткізеді.
15.00-де Шымкент қаласы атынан ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу мәселелері бойынша ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы басталады.
15.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында жазушы-драматург, журналист, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Оралхан Бөкейдің 75 жылдығына орай «Сүлей суреткер» атты еске алу кеші өтеді.
15.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ЕҰУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірге Мемлекет басшысының Жолдауын талқылау мақсатында кеңейтілген мәжіліс өткізеді.
15.30-да «Астана Арена» стадионының баспасөз орталығында Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стоиловтің қатысуымен еліміздің бас командасының оқу-жаттығу жиыны мен қазан айындағы УЕФА Ұлттар Лигасының ойныдары алдында өтетін баспасөз мәслихаты өтеді.
16.00-де «The Ritz-Carlton Astana» қонақ үйінде Сербия Республикасының президенті А. Вучичтің және ҰР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен қатысуымен қазақстандық-сербиялық бизнес-форум басталады.
16.00-де Оқушылар сарайында Open English жобасы аясында оқушыларға ағылшын тілін үйретудің алғашқы модулін таныстыру рәсімі өтеді.
АЛМАТЫ
11.00-де «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында «Коммеск-Өмір» сақтандыру компаниясының баспасөз мәслихаты өтеді.
15.00-де қарттарға арналған айда «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы 40 адамға арналған қайырымдылық дастарханын жаяды және көмек ретінде азық-түлік себетін үлестіреді.
15.00-де ҚР Кәсіподақтар федерациясының мәжіліс залында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын талқылауға арналған конференция өтеді.