9 қазан күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 9 қазан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

7.00-де елордада жыл сайынғы «Astana Marathon 2022» халықаралық марафоны өтеді.

9.00-де «Астана Арена» стадионы жанында Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылық тауар жәрмеңкесі өтеді.

Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарының тауар өндірушілері 1 200 тоннаға жуық өнім әкелді.

Бұл жәрмеңке ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өз өнімдерін делдалсыз тікелей тұтынушыларға сатуға мүмкіндік берді, нәтижесінде олардың өнімдерінің бағасы нарықтық бағадан 10-20% төмен.