Ақмола, Ақтөбе облыстарының кей аймақтарында тұман түседі. Алматы облысында түнде тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 м/с-қа барады. Маңғыстау облысында 15-20 м/с болатын шаңды жел тұрады. Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, түнде Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болып, 15-20 м/с жел тұрады. Шығыс Қазақстан, Павлодар облысында, күндіз және таңертең Оңтүстік Қазақстан облысының бір қатар жерлерінде желдің күші 15-20 м/с-қа дейін барады.
07:31, 09 Қазан 2014
9 қазанға арналған ауа райы болжамы - Қазгидромет
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түнде республиканың солтүстік, шығыс аймағында ауа райы жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады, жел күшейіп, тұман түседі, деп хабарлайды «Қазгидромет».