9 қыркүйек күні өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

АСТАНА. КАЗИНФОРМ – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат егінттігі Қазақстанда 9-шы қыркүйек күні өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де Оқушылар сарайында PRO.NRG FEST - балалар мен ересектерге арналған ғылым, өнер және технологиялар фестивалі өтеді.

19.00-де Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония ретро-концерт ұсынады, оған үрлемелі оркестр, эстрадалық және классикалық вокал бөлімдерінің орындаушылары, ALEM заманауи хореография балеті қатысады.

АЛМАТЫ

10.00-де Тоғызқұмалақ күніне орай Алматыда қала әкімдігінің қолдауымен «Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына» бекіту мақсатында 2 мыңнан астам жоғары сынып оқушылары бір мезетте тоғызқұмалақтан сайысқа түседі.

Аталмыш іс-шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябағында өткізу жоспарланған.