НҰР-СҰЛТАН
9.00-де «Мектепке жол» акциясы және Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде Қарулы Күштер әскери полициясының бас басқармасы мүмкіндігі шектеулі балалар мен әскери қызметшілердің көпбалалы отбасылары үшін қамқорлық шарасын өткізеді.
10.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде стресс активтері нарығын дамытуға қатысты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов; ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Банктік талдау және стресс-тестілеу департаменті директорының орынбасары Жандос Әбдіқадыров. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Президент Жолдауы аясында ауылдағы денсаулық сақтау саласын дамыту» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
14.00-де IQomek ғимараты маңындағы алаңда (бұрынғы ЦУМ) қаланың Ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған электросамокат жүргізуден сабақтар өтеді.
15.00-де ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасында Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел отырысы өтеді.
16.00-де Қалалық қуыршақ театрында «Алдар көсе жайлы не білесің?» ертегісі қойылады.
19.00-де Астана Балет сахнасында «Жібек жолы» балеті көрсетіледі.
19.30-да Нұр-Сұлтан қаласы филармониясында симфониялық оркестрдің концертін тамашалауға болады.