Бұл жайында қалалық полиция департаменті мәлімет таратты.
«Нұр-Сұлтан қаласында және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы жексенбі күні, яғни 9 мамырда бір күнге тоқтатылып, дезинфекциялық жұмыс жүргізіледі» делінген департамент хабарламасында.
Қалған мереке күндері, яғни 7, 8 және 10 мамырда елордалық қоғамдық көлік қалыпты режимде жұмыс істейді.⠀
Жолаушылар маска тағып жүруге міндетті, автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды.⠀
Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу/көлік кодын енгізу арқылы.