Бейсенбіде Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек оңтүстік-батыс, солтүстік-батыс, солтүстік аудандар арқылы атмосфералық ағындардың бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай жарқылайды.Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл соғуы ықтимал.
Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Қызылорда облысында екпіні 23 м/с жетеді, шаңды дауыл күтіледі.
Жамбыл, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.