АСТАНА
9:00-де «Астана-Арена» алаңында шағын футболдан мұнай-газ саласы мен бұқаралық ақпарат құралдары командалары арасында «ELORDA-2018» қайырымдылық турнирі өтеді.
9:30-да «Пекин-Палас» қонақ үйінде ҚХР зерттеу орталығы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтымен бірге «Қазіргі Қытай: сұрақтар мен жауаптар» деп аталатын кезекті семинар өткізеді.
18:00-де «Барыс-Арена» мұз сарайында «Денис және достар» шоуы басталады.
АЛМАТЫ
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев жұмыс сапарымен Алматыға келеді.
11:00-де Алматы қаласы Алатау ауданындағы Қарасу көлінің жағалауында жазғы сахна (амфитеатр) ашылады.
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ
Сағат 10.30-да «Бомонд» бильярд залында мемлекеттік қызмет органдарына 20 жыл толуына орай бильярдтан жарыс өтеді.
17.00-19.00-де Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Атырау облысының олимпиадалық спорт түрлерінің даму жағдайы мен спорт түрлерін саралау бойынша өзекті мәселелер» тақырыбында Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті өкілдерімен дирекция басшысы Е.Қанағатовтың қатысуымен кеңес отырысы өтеді.