«Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы филиалының мәліметінше, қаладағы аз қамтамасыз етілген тұрғындарды қолдау мақсатында аудан әкімдіктері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы көмекке мұқтаж отбасылардың тұрмыс жағдайына мониторинг жүргізген.
Олардың арасынан аса мұқтаж отбасылар іріктеліп, арнайы тізімге енгізілген.
Бүгінгі таңда «Birgemiz-Shymkent» қоры арқылы тізімге алынған отбасылардың есепшотына тиісті қаражат толықтай аударылған.