Ақмола облысында кей жерлерде көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін барып, бұрқасын соғады, түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, екпіні 15-20 м/с жел соғады. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын болуы мүмкін, желдің екпіні 18 м/с-қа дейін барады. Шығыс Қазақстан облысында тұман түсіп, жел 15-20 м/с екпінмен соғады. Маңғыстау облысының кейбір аймақтарында екпіні 15-20 м/с жел соғады. Алматы, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында тұман түседі.