9 облыста республикалық маңыздағы жолдар жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Еліміздің 9 облысындағы республикалық маңыздағы жолдардың бөліктері жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап.

«Сағат 22:30 ақпаратқа сәйкес республикалық маңызы бар автожолдардың 37 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді. Тасжолдар Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жабылды»,-делінген ұлттыұ оператордың хабарламасында.