«О баста біз сынақты 3 сәуірде жоспарлағанбыз. Алайда, бұл күні ауа-райы өте салқын болды, сондықтан жұмысты кейінге шегердік» - деп түсіндірді компаниядан.
2013 жылдың 9 сәуірінен бастап ЖЭО-1 бақылауы бойынша 130°С температураға есептелген жылу магистральдерін сынақтан өткізу кезеңінде ұйғарымға сәйкес кәсіпорын мен мекеме басшылары, ПИК және КС төрағалары ыстық суды беруді тоқтауы қажет.
Компанияда атап көрсетілгеніндей, сынақ Сарыарқа және Алматы аудандарында: Өндіріс, Күмісбеков, Ақбидай, Тайбурыл, Игілік, Шонанұлы, Қарасай батыр, Конституция, Біржан сал, Құтпанов, Есенберлин, Мәскеу, Молдағұлова, Сарыбұлақ, Байсейітова, Бейсекова, Жангелдин, Сейфуллин, Бигелдинов, Кенесары, Желтоқсан, Ирченко, Әуезов, Бейбітшілік, Иманов, Иманбаева, Омаров, Уәлиханов, Аймауытов, Айманов, Дүкенұлы, Речная, Рамазан көшелерінде, сондай-ақ Бөгенбай даңғылы, Тілендиев даңғылы, Абай даңғылы, Женіс даңғылы, Республика даңғылында жүргізіледі.