Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлады.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, күндіз Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Атырау, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, бұршақ болуы ықтимал. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Жамбыл облысында, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі. Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.