9 шілде. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат 9 шілдеге арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

58 жыл бұрын (1964) Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Мұсатайұлы СЕЙТІМОВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. ҚазМУ заң факультетін, Ресей Федерациясының СІМ Дипломатиялық академиясының «Халықаралық қатынастар» факультетін бітірген. СССР Қарулы күштерінің қатарында қызмет етіп, қоғамдық және коммерциялық ұйымдарда жұмыс атқарған. ҚР СІМ жүйесінде 1994 жылдан бастап жұмыс істейді. ҚР СІМ Дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс департаментінде маман (1994-1996), ҚР ГФР Елшілігінің бөлімшесінде үшінші хатшы, ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің екінші хатшысы, бөлім бастығы (1997-2000), ҚР Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығының консулы, ҚР Ганновер қаласындағы консулдығының консулы (2000-2004). 2004-2007 жылдары - ҚР СІМ ТМД департаментінің бөлім бастығы, басқарма бастығы, Департамент директорының орынбасары. 2007-2010 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының бас инспекторы, меңгерушінің орынбасары. 2010-2013 жылдары - ҚР Ресейдегі Елшілігінің кеңесші-уәкілі. 2013-2016 жылдары - ҚР Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулы. 2016-2019 жылдары - Қазақстанның Тәжікстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2019 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы қызметін атқарды.

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап еңбек етеді.

46 жыл бұрын (1976) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі Айдын Жеңісұлы ҚҰЛСЕЙІТОВ дүниеге келді.

Өскемен қаласында туған. 1997 жылы - Батыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін; 2004 жылы - Қазақтан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын аяқтаған. Техника ғылымдарының кандидаты. 1996-2000 жылдары - коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген. 2000-2003 жылдары - Өскемен қаласының Индустрия, сауда және шағын бизнес басқармасының Индустрия және экология бөлімінің бас маманы, бастығы. 2003-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының тыңдаушысы. 2004-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Тұтыну тауарлар бөлімінің бастығы, Өнеркәсіптің тау-кен және өңдеу салалары басқармасының, Индустриалдық саясат департаментінің директоры, Хатшылық - Стратегиялық жоспарлау және жинақы талдау департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және салааралық үйлестіру департаментінің директоры. 2008-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2009-2014 жылдары - «Ұлттық инновациялық қор» АҚ басқарма төрағасы (қайта ұйымдастырудан кейін «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік»). 2014-2017 жылдары - «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-ның басқарма төрағасы. 2017-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі. Қазіргі қызметінде 2019 жылдың шілде айынан бастап еңбек етеді.

44 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі Мақсат Нұрлыбекұлы СҚАҚОВ дүниеге келді.

2003 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша бітірген.

2009 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын тәмамдаған. Еңбек жолын 2000 жылы ҚР Ішкі істер органдарының қызметкері ретінде бастаған. ҚР Президентінің күзет қызметінде, Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, ҚР Мәдениет, Білім және Ғылым министрліктерінде, сондай-ақ ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тілдер комитетінің төрағасы қызметін атқарған. 2016-2017 жылдары - ҚР Бас прокурорының ерекше маңызды тапсырмалар бойынша аға көмекшісі болып жұмыс жасаған. 2017 жылдың тамыз айынан бері Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болған.

Қазіргі қызметінде - 2019 жылдың маусымынан.

44 жыл бұрын (1978) AMANAT партиясы орталық аппаратының басшысы Мәди Жарылқасынұлы ОСПАНОВ дүниеге келді.

Қарағандыда туған. 1999 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «халықаралық құқық» мамандығымен тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы Астана қаласы Әділет басқармасы Сарыарқа аудандық сотының сот приставы болып бастаған. 2000-2001 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінде еңбек еткен. 2001-2002 жылдары ҚР Қаржы полициясы агенттігі құқықтық сараптама бөлімінің басшысы, 2002-2003 жылдары ҚР Премьер-Министрінің кеңсесінде, 2003-2007 жылдары «Семсер» АҚ заң департаментінде, 2008-2013 жылдары коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметтер атқарды. 2013-2018 жылдары «Nur Otan» партиясы орталық аппараты басшысының орынбасары болған. 2018 жылдың мамырынан қыркүйегіне дейін – «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты басшысының орынбасары – Құқықтық қамтамасыз ету және кадрлық іс қағаздарын жүргізу басқармасының бастығы. 2018-2019 жылдары– «Nur Otan» партиясы Орталық аппаратының басшысы. 2019-2020 жылдары – Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті төрағасының кеңесшісі, ҚР Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

Қазіргі қызметінде - 2022 жылдың мамырынан.