9 шілдеде Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 9 шілде күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің қатысуымен «Қазсушар» РМК саланың дамуына үлес қосқан өкілдері төсбелгімен және министр атынан «Құрмет» грамотасымен марапатталады.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік көмек департаментінің директоры Асқар Ниязов «Ана мен баланы әлеуметтік қолдау туралы» баспасөз мәслихатын өткізеді.

Көрсетілім сілтемелері: Youtube және Facebook

14.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев «Халықаралық әскери ынтымақтастық және әскери білім» атты баспасөз мәслихатын өткізеді.

Көрсетілім сілтемелері: Youtube және Facebook

15.00-де Нұржол бульварында «Жүрек жылуы» атты жаңа арт-нысан орнатылады.

Оны «Мейірім шуағы» шарасына қатысушылар өз қолымен тоқып, қала тұрғындарына қолөнершілер атынан қолдау белгісі ретінде сыйға тартпақ.

16.00-де ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында корей суретшісі Ли Инамның «Signal of Light» цифрлық өнер көрмесі ашылады.