Ақмола, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа жетіп, түнде және таңертең тұман түседі, Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа жетіп, шаңды дауыл көтеріледі. Күндіз Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарында, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде күшті аптап ыстық болады. Республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысы мен орталығының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Таяудағы тәуліктерде республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы тау өзендерінде су деңгейінің құбылуы байқалады. Іле өзенінде Қапшағай су қоймасына су ағынының ұлғаюы күтіледі.