деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл оқулықта дінтану негіздерінің пәні, ұғымдары, құрылымы, тарихы, әлемдік - будда, христиан, ислам діндері, оның бағыттары кеңінен ашылған. Сонымен қатар оқушылар түсінігіне сай тәуелсіздік жылдары елімізге таралған дәстүрлі емес діни культтарға сараптама жасалған. Қазақстандағы діни жағдайдың тарихы, исламның қазақ халқының тұрмысы мен рухани өмірінде алатын орны жайында да кеңінен тоқталған. Оқулық мазмұнында Елбасы Н.Назарбаевтың тікелей бастамасымен Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерінің материалдарына талдау жасалып, халықаралық қауымдастық деңгейінде бейбітшілік пен дінаралық келісім орнату саясаты баяндалған.