ЕСІМДЕР
Алматы қаласында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген (1967). Көптеген көркем фильмдер мен деректі фильмдер сценарийлерінің авторы, халықаралық кинофестивальдарда сыйлық алғандары: «Шөптің ішкі тәтті шырыны» (БКФ әділқазыларының сыйлығы, Минск қаласы 1985; Екінші сыйлық, Португалия), «Мутанттар», «Соның ішінде» (2000), «Тұрмағанбет ақын» (1989), «Періште» (2004). Қазақстанның алғашқы «Тоғысқан тағдырлар» телехикаясының бас редакторы және сценарий авторы (1999). «Шегіртке» танымал телесериалының сюжеттік желілері мен сценарийлерінің авторы (2000). 70-тен аса фильмнің авторы. Қазақстанның бірінші «Тағдыр ұршығы» атты мерзімді баспасөз әдеби сериалының авторы (Малика Саид бүркеншік атымен). Кино туралы мақалалардың, сонымен қатар көркем әңгімелердің тұрақты авторы. 1972 жылдан - Одесса киностудиясында бас редактордың орынбасары. 1977-2010 жылдары - «Қазақфильм» киностудиясының жетекші редакторы. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Бағындыру» картинасының редакторы (2010). КСРО Кинематографистері одағының мүшесі (1985). ҚР Кинематографистері одағы басқармасының мүшесі (1995- 2005). «Тың жерлерді игергені үшін» (1966) медалімен, «Социалистік жарыс жеңімпазы» (1976) белгісімен, ҚР Құрмет грамотасымен (2005) марапатталған. Халықаралық кинофестивальдің лауреаты (Томар, 1986).
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Ақжайық кентінде туған. Алматы мемлекеттік көркем театр институтының театр факультетін бітірген (1984), музыкалық драма актрисасы. Қалалық және аудандық шаралар сценарийлерінің авторы. 1984 жылдан - Алматы қаласының жасөсіпірмдер театрының актрисасы. 2000 жылдан бері Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, аға оқытушысы. 2010 жылдан бері Ғ .Мүсірепов атындағы Қазақ академиялық балалар мен жасөспірімдерге арналған театрдың актрисасы. Ә.Әбішевтің «Мәди» (Ділдар), У. Шекспирдің «Жазғы түндегі түс» (Гермия), А.П. Чөховтың «Чайка» (Нина Заречная), Ф.Оңғарсынованың «Бақыт пен қайғы» (Ақынқыз), С. Балғабаевтың «Ең әдемі келіншек» (Гүлбаршын), С.Асылбековтың «Рабиғаның махаббаты» (Роза); I.Жансүгіровтың «Исатай-Махамбет», Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» (Күнікей) және басқа спектакльдерде ойнады. «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1994). «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2001). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009).
Қызылорда облысында туған, прокуратура органдарында жұмыс тәжірибесі мол.
Еңбек жолын прокуратура органдарында 1990 жылы Шу көлік прокуратурасының тағылымгері ретінде бастаған. Одан соң Жетісу көлік прокуратурасының көмекшісі, аға көмекшісі, Алматы авиациялық көлік прокуратурасының аға көмекшісі қызметтерін атқарған.
Жоғары кәсіби деңгейіне орай 1994 жылы Бас прокуратураның орталық аппаратына жұмыс істеуге шақырылды, соңғы жылдары Бас прокуратураның шағымдары туралы заңдардың қолданылуын қадағалау және іс қағаздарын жүргізу басқармасының бастығы лауазымында болды.
Аға әділет кеңесшісі сыныптық шені бар.
1992 жылы Семей зоотехникалық-ветеринар институтын «мал дәрігері» және 2008 жылы М.Әуезов атындағы Семей университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы Бірінші май ауылында Калинин атындағы колхозда санитарлық-емдеу пунктінде меңгеруші қызметінен бастаған. Одан кейін бірнеше жыл «1 Май» ЖШС меңгерушісі болды. 1998-2004 жылдары аралығында «Ерасыл» шаруа қожалығын басқарып, артынша Үржар ауданының Некрасов ауылдық округінің әкімі болды. 2006 жылдың қыркүйегінен бастап Жоғарғы Егінсу ауылдық округі әкімі лауазымына тағайындалды. Ал 2008 жылдан осы күнге дейін Үржар ауданы әкімінің орынбасары міндетін атқарды.
Қазіргі лауазымын 2017 жылғы қарашадан бері атқарып келеді.
Қазақ мемлекеттік басқару, қаржы және несие академиясын бітірген (2000).
Еңбек жолы: «Банк Тұран Әдем» ААҚ Алматыдағы бөлімшесінің несиелеу басқармасы «Шағын бизнес-ЕБРР» бөлімінің несие сарапшысы, несиелеу басқармасының несие операциялары секторының әкімшісі (2001-2002); «Банк Тұран Әлем» ААҚ шағын және орта бизнес кредиттеу бөлімінің жетекші маманы, аға маманы (2002-2003); «Цеснабанк» ААҚ Алматыдағы бөлімшесінің несиелеу бөлімінің басшысы (2003-2004); «АТФБанк» АҚ шағын және орта бизнес өңірлік бағыттар департаменті бөлімінің менеджері (2004-2005); «АТФБанк» АҚ шағын және орта бизнес департаменті директорының орынбасары (2005-2007); Қаскелең қаласындағы «АТФБанк» АҚ филиалының директоры (2007-2009); «Темiрбанк» АҚ басқарма мүшелері - басқарма төрағасының орынбасары (2013-2014); «ForteBank» АҚ басқарма мүшелері - басқарма төрағасының орынбасары (2014-2016); «Банк Kassa Nova» АҚ басқарма төрағасы (2016-2017).
2017 жылдың наурыз айынан бастап «Nova Лизинг» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.