9 тамызда республиканың басым бөлігінде жел күшейеді деп күтілуде

АСТАНА. 8 тамыз. ҚазАқпарат - Республиканың басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, жел күшейеді.

Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлайды.

Павлодар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында, күндіз Қостанай, Ақмола, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді деп күтілуде, Қостанай, Павлодар облыстарында - түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді деп күтілуде, күндіз кей жерлерді бұршақ жаууы мүмкін.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.